Айтхажа Биғалиұлы Биғалиев
![]() |
Айтхажа Биғалиұлы Биғалиев - Ботаника және экология кафедрасының профессоры, 1942 жылы 25-желтоқсанда туылған. |
1965 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін «үздік» бітірген. Генетика, экология және экологиялық генетика саласында мол тәжірибелі маман. Биология ғылымдарының докторы (1980ж), профессор (1981ж), Халықаралық Информатизация Академиясының академигі (1994ж), Ұлы Британияның экологтар қоғамының толық мүшесі (1996ж), ҚР Жоғарғы Мектеп Ұлттық Академиясының академигі (1999ж), "Journal of Ecology" халықаралық журналдарының Редакциялық Алқасының мүшесі (London, 1997) және "Water Research" халықаралық су сапасын зерттеу журналы ассоциациясының мүшесі (Manchester, 1996), ҚазҰУ хабаршысы журналы, Экология сериясының Бас Редакторы (1998 жылдан бастап), ҚР «Адам және биосфера» Ұлттық Комитетінің төрағасының орынбасары (2007 жылдан).
Негізгі ғылыми бағыты - қоршаған орта факторларының биота мен тұрғындар денсаулығына әсерінің салдарына эколого-генетикалық баға беру. Жұмыс барысында профессор А.Б. Бигалиев ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық институтында кафедра меңгерушісінің қызметін атқарғанда цитогенетика лабораториясын ұйымдастырып, хром және оның қосындыларының қоршаған орта мен адам денсаулығына (1971-1985 жылдар) генетикалық қауіптілігі анықталды. Осы тақырып бойынша 5 биология ғылымдарының кандидаты профессор А.Б.Бигалиевтің жетекшілігімен даярланды. А.Б.Биғалиевтің ғылыми жаңалықтары біздің еліміздің денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жүйесіне енгізілген. Фундаменталдық тәжірібе жүмыстарының нәтижесінде хромның мутагендік қасиетін ашып 1980 ж. биология ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды. Хром қосындыларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына генетикалық қауіптілігін анықтау зерттеу жұмыстарының нәтижесінде хром өндірісінде еңбек ететін жұмысшыларға кәсіпқой аурулардың алдын алу (профилактикалық) ретінде Е витаминін қолдану әдісі енгізілді. Қарағанды Мемлекеттік университетінде жұмыс атқарған кезде (1986-1991 жылдар) табиғи ортаны биоиндикациялау лабораториясын ұйымдастырды. Сонымен қатар Семей полигонына жататын Қарағанды облысының Егіндібұлақ және Қарқаралы аудандарының тұрғындарын цитогенетикалық зерттеу жүргізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Бигалиев А.Б. өзін жоғары білімді педагог, ғалым ретінде көрсете білді. Профессор Бигалиев А.Б. республикада биологияның жаңа бағыты «экологиялық генетиканы» дамытты және өзінің ізбасарлар мектебін құрды. Ол 18 ғылым кандидатын және 7 ғылым докторын дайындады.
А.Б. Бигалиев - белсенді қоғам қайраткері. 1992 жылы қазіргі кезде басшысы болып отырған «Радиация. Экология. Денсаулық» ғылыми комитетін «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы негізінде құрды.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген профессор Бигалиев А.Б. координатор және ғылыми жетекші ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде үш халықаралық жобаны жүзеге асырған. Лондондағы Миддлесекс университетінің арнайы шақырылған профессоры (1996-2003), ЮНЕСКО-дағы Экологиялық білім Еуропалық Комитетінің комиссия мүшесі (1995-1997г.), ғылыми жобаларды бағалау бойынша Еуропалық Одақ комиссиясының эксперті (1999г). А.Б. Бигалиев - радиациялық генетика және экология саласындағы Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдарының бірі.







