IІI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді

28.01.2016

Көрулер: 3207

Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Симбиоз шешім: Интернет және сандық сауаттылық» атты IІI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.

ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТІҢ МОДУЛЬДАРЫ:
1. Модуль: Ақпарат және медиа
2. Модуль: Жаңа және дәстүрлі медиа
3. Модуль: Интернет-сауаттылық

Бағдарламада дәрістер аясында кейстердің шешімдерін табу жолдары қарастырылады. Жеке және топтық тәжірибелік сабақтар өткізіледі, таныстырылым, пікірталас, жоба талдау, кәсіби кеңес қамтылған.

Ақпарат: Қысқы медиамектеп Бүкіләлемдік радио күніне арналған ЮНЕСКО Жаһандық картасына енеді. Радионың кез-келген елде маңызы ерекше: радио қоғам дамуына ықпал етеді, ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді; адам өмірін құтқарады; радиожиілікке жедел қол жеткізу арқылы қауіпті жағдайларда адамдарға көмек бере алады.

Қысқы медиа мектепке Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының журналистика мамандығының студенттері, магистранттары, PhD докторанттары, оқытушылары, республикалық және аймақтық БАҚ журналистері, он-лайн медианың веб-редакторлары мен контент-редакторлары, сондай-ақ респбуликалық мамандандырылған мектептердің журналистика факультативін тыңдаушы оқушылар қатысады деп күтілуде.

Өтетін уақыты: 2016 жыл 5-7 ақпан аралығы

Өтетін орны: Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешені.

Ұйымдастырушылар: Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.

Курсты тәмамдағанда берілетін құжаттар:

Біліктілік арттыру туралы куәлік (36 сағат); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Журналистика» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасын тыңдағаны туралы сертификат беріледі (24 сағат).

Жиналатын орын: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорат автотұрағы, Сәтпаев көшесі, 16-18 А, «Тұран» университетінің автотұрағы.

Жиналатын уақыты: 2016 жыл 5 ақпан, таңғы сағат 7:30-8:00.

Курсқа жазылу мен бағдарламаға қатысуға ұсыныс:

Байланыс: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Сұлтанбаева Г.С.

Тел.: +7727221351; моб: +77074143415;
e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru