ҚазҰУ-да«Арнайы педагогика» атты семинар өтеді

13.01.2016

Көрулер: 3202

Біліктілікті арттыру институты және Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлімінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 14-15 қаңтарында «Арнайы педагогика» атты семинар өтеді. Семинарды педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы, доцент Төлешова Ұлмекен Болатқызы өткізеді.

Семинардың мақсаты: тыңдаушыларға арнайы педагогиканың теориясы және практикасының негіздерімен таныстыру. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұлға ретінде қалыптасуы мен әлеуметтену ерекшеліктерін зерттеу. Әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға қосу, қатыстыру мақсатымен ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру.

Координатор: БАИ директорының мектеп ісі жөніндегі орынбасары Нәлібаева Сара Мәшбекқызы, 2211463