Орталық Азиядағы инженерлік қоғам федерациясының бірінші халықаралық кеңесі өтеді

11.12.2015

Көрулер: 3388

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Инженерлік білім берудің сапасын қадағалау жүйесі: білім бағдарламаларын аккредитациялау және инженерлік сала мамандарын сертификациялау» тақырыбында Орталық Азиядағы инженерлік қоғам федерациясының бірінші халықаралық кеңесі өтеді.

Қазақстан Республикасында инженерлік білім беруді дамыту мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі және ол елдің индустриалды инновациялық дамуының бірден бір кепілі. Осыған орай «KazSEE» қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп ТЕМПУС QUEECA Еуропалық одақтың «Орталық Азиядағы инженерлік білім сапасы» бағдарламасы аясында «Инженерлік білім берудің сапасын қадағалау жүйесі: білім бағдарламаларын аккредитациялау және инженерлік сала мамандарын сертификациялау» тақырыбында Орталық Азиядағы инженерлік қоғам федерациясының бірінші халықаралық кеңесін өкізеді.

Іс-шараға ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, халықаралық аккредитацияланған орталықтардың, рейтингтік агенттіктер мен компаниялардың, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

Кеңестің басты мақсаты «Қазақстан-2050» , ИИДМБ-2(Индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы-2), ҚР қызмет көрсету саласын дамыту Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында инженерлік білім беру сапасын арттырудың нақты амалдарын қарастыру және аккредитация мен сертификациялаудың бірыңғай жүйесін құру.

Инженерлік білім беру саласында сапа стандарттарын қалыптастыру, білім беру бағдарламаларын аккредитациялау, халықаралық тәжірибе негізінде мамандардың біліктілігін арттыру және сертификациялау мәселелері кеңесте кеңінен талқыланады. Еуропа кеңістігінде жоғары білім беретін инженерлік ұйымдардан тұратын халықаралық аккредитацияланған агенттіктер желісі ENAEE Еуропадағы инженерлік білім берудің сапасын қадағалаумен айналысады. Өз кезегінде сертификациялау мен біліктілікті мойындау құқығы қазіргі таңда Еуропадағы белді кәсіби бірлестіктердің бірі болып саналатын «FEANI» (Еуропаның ұлттық инженерлік қоғам Федерациясы) бірлестігіне берілген.

2015 жылы инженерлік білім беретін Қазақстандық қоғам (KazSEE) жоғарыда аталған екі ұйымға да толық құқылы мүше болып қабылданған болатын. Ол Қазақстанда инженерлік білім беру сапасының Еуропалық жоғары білім беру стандарттарына сай жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дәл осы тәжірибені Орталық Азияда тарату мақсатында Еуропалық әріптестерінің қолдауымен KazSEE 2015 жылы инженер мамандарды халықаралық стандарттарға сай аккредитациялау мен білікті тағайындау мәселелерін бірлесіп қадағалау үшін инженерлік білім берудің Орталық Азияда қоғамдастығын құру мәселесіне байланысты Худжан келісіміне бастамашылық жасап, қол қойған болатын.

Өтетін орын: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы

Өтетін уақыты: 12 желтоқсан 2015 ж., басталуы 11:00

ҚазҰУ, Баспасөз қызметі:

8 (727) 377 31 48 / 49