«М. Әуезов және оның шығармаларын корей тіліне аудару (Хван Дин)» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

09.12.2015

Көрулер: 3532

Шығыстану факультетінде «100 кітап» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «М. Әуезов және оның шығармаларын корей тіліне аудару (Хван Дин)» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттерді Казақстан кәрістерінің әдебиетімен таныстыру, қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын (М. Әуезов «Қаракөз») корей тіліне аудару. Студенттердің қазақ тілін білу деңгейін көтеріп, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

Қатысушылар: 4-курс студенттері. Келем деушілерге есік ашық!

Уақыты: 10.12.2015, басталуы 12:00

Өткізілетін орны: Шығыстану факультеті 527 дәрісхана

Ұйымдастырушы: Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Тен Ю.П.