ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы VII Республикалық шығарма байқауын өткізеді

09.12.2015

Көрулер: 4652

Хабарландыру

«Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың алматылық Конфедерациясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен ЮНЕСКО орталығы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына арналған патриоттық тақырыпта мектеп және орта оқу орындары оқушыларының арасында VII Республикалық шығарма байқауын өткізеді.

Оқушылар арасындағы байқау 2015 ж. 15 желтоқсаннан 2016 ж. 10 наурыз аралығында өтеді.

Жеңімпаздарға сертификаттар беріледі.

Үздік деп танылған шығармалар әлеуметтік-жауапты журналистиканың қазақстандық мектебі - ЮНЕСКО орталығының сайтына жарияланады, http://unesco-kaznu.ucoz.kz/

Шығармалар теріліп, профессор Ахметова Ләйлә Сейсембековнаның электронды поштасына laila_akhmetova@mail.ru - жіберілуі керек.

Тек Қазақстанның мектеп және орта оқу орындары оқушыларының шығармалары қабылданады. Шығармалар 3 беттен артық болмауы керек, 14 шрифт, Times New Roman.

Шығарма келесідей үлгіде ресімделуі қажет:

Байғабұлова Нұрай

10 сынып, № 26 гимназия,

Қарағанды обл., Жезқазған қ.

Жетекшісі: Чиркина Валентина

e-mail: _________

ЕРЕЖЕ.doc

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы

және ЮНЕСКО орталығы