«Дәру болсам деп едім» атты кітаптың тұсауы кесіледі

08.12.2015

Көрулер: 3450

Биология және биотехнология факультеті мен ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен ежелгі Қытай дәстүріндегі емдеу тәсілінің маманы, Тибет Медицинасы саласындағы халықаралық деңгейдегі емші Сариева Әсеткүл Ешенбекқызының «Дәру болсам деп едім» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Тұсаукесер рәсімінде талқыланатын мәселелер:

Ежелгі Қытай елінің емдеу тәсілдері;

Жәндіктер мен шөппен емдеу тәсілі;

Тырысқақ ауруын емдеу мәселелері және т.б.;

Шараға Әсеткүл Ешенбекқызының әріптестері, дәрігерлер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ университеттің оқытушы-профессорлық құрамы және студенттер мен магистранттар қатысады.

Қосымша ақпарат:

Сариева Әсеткүл Ешенбекқызы 1957 жылы 20 сәуірде Жамбыл облысы Меркі ауданында Ойтал ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Жамбыл қаласындағы тері өңдеу комбинатындағы орта оқу орнында технолог мамандығын меңгерген. 1992 жылдан бастап емшілік жолмен адам емдеуді бастайды. 1993 жылы Алматының Аяжан медколледжінің кешкі бөлімінде оқып, медициналық білім алып шығады.

Қазақтың емін классикалық емге жалғастырған Әсеткүл Ешенбекқызы Қытайдағы Шанхай Шығыс мектебінен үгу, үзу, ине салу мамандықтарын меңгерген. Мәскеу қаласында эниология, ВНИЦТНМ «ЭНИОМ» оқу орнында Рухани емдеуші мамандығын тәмамдаған. Корейдің Су Джок терапиясын меңгерген ол, 2008 жылы Германияда Фрайбург клиникасында «Су астындағы бұлшық етті гимнастикамен емдеу» тәсілдерін игерген. Ресейде, Санкт-Петербургте психосарапшы мамандығын оқи жүріп, Поленова атындағы нейрохирургия институтында және онкология радиология институтында, Мечникова атындағы неврология- кардиология саласындағы білікті профессорлармен тәжірибе алмасқан. 2010 жылы Қытайдағы Пекин медицина университетіндегі Шығыс халық емі бөлімінің «Ежелгі Қытай дәстүрлеріндегі емдеу тәсілі» мамандығын игерген. Тибет медицинасы оқу орнында Тибет тәсілін қолдана отырып, жәндіктер және шөппен емдеу тәсілі және дәрі жасау тәсілдерін оқып үйренген. Бейжің университетінің Қытай медицина оқыту бөлімінде акупунктура және массаж мамандығын тәмамдаған (2010).

2000 жылы «Өмір жыры» кітабы Тоғай баспасынан жарық көрді. «Өмір жыры» кітабына Фариза Оңғарсынова алғы сөз жазған. 2003 жылы «Нұр жауған елге барғанда» деген кітапша басылып шыққан. 2011 жылы «Тойға тарту» атты кітабы жарық көрді. Ал 2015 жылы «Дәру болсам деп едім» атты кітабы жарық көріп отыр. Осы бағытта атқарған еңбегі үшін Әсеткүл Ешенбекқызы Халықаралық Су Джок акупунктура қауымдастығы, Алматы қ. Су Джок академиясынан сертификат иегері (2000), Ресейлік ғылыми-зерттеу орталығы, Халық емшілерін дайындау бағыты бойынша трансхирургия және рухани емдеуші бүкілрейсейлік мектебінің сертификатын (2004) иемденген. Ресей Халықаралық тіркелімдегі медицина комитетінің тұрақты Халықтық комиссиясының шешімімен «ІІІ мыңжылдықтың ең мықты емшісі» дипломымен марапатталған (2004 ж). Халықаралық «Экология» Академиясының жарғысы бойынша дәрігерлік экология, космоэнергетика мамандығы бойынша Академияның толық мүшесі болып сайланды (2006).

Өтетін күні: 9 қараша, 2015 жыл. Басталуы 15.00-де.

Өтетінорны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, 214 конференц-зал.

Ұйымдастыру комитеті

Байланыс ақпараты: Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмысы жөніндегі орынбасары

Мухатаева Карлыгаш Акпаровна

Телефон:+7(727) 221 12 01; 8777343 77 42;

Кафедра меңгерушісі

Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы

Телефон: :+7(727) 377 34 43; 8701993 90 07.