Мысыр ғалымдарының қатысуымен «Мәмлүктер мемлекетінің тарихы» атты ғылыми семинар өтеді

07.12.2015

Көрулер: 3373

2015 ж. 8 - 26 желтоқсан күндері сағ. 09.30-13.30 аралығында Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері арасындағы тарихи, саяси-экономикалық, дипломатиялық, мәдени қарым-қатынастар және Мысырдағы мәмлүктер мәмлекетінің қалыптасуы мен дамуына байланысты «Мәмлүктер мемлекетінің тарихы» атты ғылыми семинар өтеді. Ғылыми семинарда Мысыр Араб Республикасындағы Каир университетінің профессоры, доктор Әбулхасан Махмуд Бакри Муса мырза дәріс оқиды. Семинар араб және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 95, 422-дәріс залы.

Байланыс телефоны: 8 (727) 2 43 83 54

Электранды пошта: arabkaznu@bk.ru