«Ұлтының ұмытылмас тұлғасы - Сапар Байжановтың шығармашылығы»

20.11.2015

Көрулер: 3923

Журналистика факультеті 2015 жылы қараша айының 21-жұлдызында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің аға басылымы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне ұзақ жылдар басшылық жасап, мәдени және әлеуметтік дамуымызға сүбелі үлес қосқан белгілі жазушы-публицист

Сапар Байжановтың туғанына 85 жыл толуына орай университеттің «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы - Сапар Байжановтың шығармашылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

1-секция

Сапар Байжанов өмір сүрген дәуір және қазіргі заман журналистикасы

• Сандық технологиялар дәуіріндегі журналистика;

• Білім беру, ғылыми зерттеулер;

• Ақпараттық өнімдер триадасы;

2-секция

Сапар Байжановтың басқарушылық шеберлігі және қазіргі БАҚ менеджменті

• Қазақстандағы PR-дың дамуы;

• Өзекті мәселелер;

• Трендтер;

3-секция

Сапар Байжановтың редакторлық-баспагерлік қызметі және қазіргі баспа өнері мәселелері

• ҚР баспа саласының өзекті мәселелері;

• Оларды шешу жолдары;

• Білім беру және жұмыспен қамту

Бас редактор, қаламы жүйрік журналист, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Сапар Байжанов оқу ордамыздың түлегі болатын. Оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген «Замандас туралы толғау», «Архив-айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар» сынды зерттеулердің авторы Сапар Байжанов Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1952 жылы бітірген соң жастар басылымы - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеген. 1958–1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, Бас редакторы болған, 1965–1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында жауапты қызметтер атқарған. 1973–1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторы болып істеген. 1983–1994 жылдары республика Бас Мұрағат басқармасының бастығы болған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген. «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Ол жайында «Өмірге өкпесі жоқ адам» атты естеліктер жинағы жарық көрген. Замандастары оған «қазақ журналистикасының қара жорғасы, қарымды қаламгер, білгір ғалым» деп баға берген.

Конференция жұмысына бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, әдебиет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

Өтетін күні: 2015 жылғы 21 қараша. Басталуы сағат 10-00-де.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректораты ғимаратының мәжіліс залы /15-қабат/

Байланыс телефондары: 221351, 2211348

Ұйымдастыру комитеті