Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы «Еуразиялық экономикалық одақ: мәселелері мен болашағы» атты конференция өткізеді

05.11.2015

Көрулер: 2151

Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар және докторанттар!

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы және саясаттанушы-студенттердің «Саяси орда» үйірмесінің атсалысуымен «Еуразиялық экономикалық одақ: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның қонағы – Абрамов Валерий Леонидович, экономика ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы Қаржы университетінің халықаралық экономикалық қатынастарды зерттеу Орталығының бас ғылыми қызметкері, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы РАШжМҚА Мемлекеттік қызмет пен Басқару Халықаралық институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының профессоры, РЖҒА академигі».

Өтетін орны:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, Масанчи көшесі 39/47, №123 конференц-зал.

Өтетін уақыты:5 қараша 2015 жыл, сағат: 10.00.

Ұйымдастырушылар алқасы: Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы.

Жауаптылар: Мекебаева М.А., Мұсатаев С.Ш. тел: 8700443 60 85