Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты Оразалы Сәбденнің «Абай және Қазақ болашағы» атты дәрісі өтеді

03.11.2015

Көрулер: 2875

11 қараша 2015 жылы, сағат 10:00-да, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Ғалымдары Одағының Президенті, ҚР ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбденнің факультет оқытушы-профессорлары, докторанттары, магистранттары және студенттеріне арналған «Абай және Қазақ болашағы» атты ашық акттік дәрісі өтеді.

Өткізілу орны: Алматы қаласы, Масанчи көшесі 39/47 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің Үлкен Акт залы.

Өткізілу уақыты: 11 қараша 2015 жылы, сағат 10:00.

Келем деушілерге есік ашық!

БАҒДАРЛАМАСЫ

9:30-10:00 Тіркеу, Оразалы Сәбденнің «Абай және Қазақ болашағы» атты дәрісіне арналған арнайы кітап көрмесінің ашылуы.

10:00-10:10 Ашылуы. Философия ғылымдарының докторы., профессор, Философия және саясаттану факультетінің деканы
А.Р. Масалимованың кіріспе сөзі.

10:10-11:00 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Ғалымдары Одағының Президенті, ҚР ҰИА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбденнің, «Абай және Қазақ болашағы. ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы» тақырыбындағы ашық акттік дәрісі

11:00-11:20 Дискуссия (студенттермен, қатысушылармен еркін пікір алмасу).

11:20-11:25 . Саяси ғылымдарының докторы., профессор, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Г.Ө. Насимованың сөзі.

11:25-11:30 Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдарының кандидаты., Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры м.а. Н.Р. Жотабаевтың сөзі.

11:30 Жабылуы.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы