«ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ДЕВИАЦИЯ» бағдарламасы бойынша семинар өтеді

30.10.2015

Көрулер: 3500

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында 4-5 қараша күндері Қызылорда қаласының Білім департаментінің, мектеп директорлары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, психолог мамандар мен мұғалімдердің қатысуымен «ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ДЕВИАЦИЯ» бағдарламасы бойынша семинар өтеді.

ҚазҰУ сарапшылары: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Қалымбетова Эльмира Кеңесқызы және п.ғ.к., доцент Баймолдина Лаура Оразбекқызы.

Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасын анықтау, мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіштерін төмендету.

Семинар келесідей бағыттар бойынша өтеді:

  1. девиантты мінез-құлық психологиясы: диагностика, коррекция, профилактика,
  2. суицидті мінез-құлық психологиясы: диагностика, коррекция, профилактика.

Қосымша ақпаратты ұйымдастырушы, Біліктілікті арттыру институты директорының мектеп ісі жөніндегі орынбасары Нәлібаева Сара Мәшбекқызынан білуге болады.

Байланыс тел.: 221 14 63