«ПОЛИТОЛОГ» Студенттік пікір-сайыс клубының отырысы өтеді

30.10.2015

Көрулер: 3482

2015 жылы 30 қазан күні сағат 13-00-де «ПОЛИТОЛОГ» Студенттік пікір-сайыс клубының «Академиялық ұтқырлық. Клуб мүшелерінің шетелде білім алуы мен ғылыми тағылымдамасы» тақырыбына арналған отырысы өтеді.

Франция, Словакия Республикасы, Оңтүстік Корея және т.б. осы сынды мемлекеттерде білім алып келген магистранттар мен студенттер университеттердің білім беру саясатымен таныстырып, оқу үдерісінің ерекшеліктері, шетелде білім алу мен ғылыми тағылымдаманы өту мүмкіндіктері жайлы айтпақ.

Сонымен қатар клубқа жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі, Досым Сатпаевтың бастамасымен «Саясаттану» мамандығына сыйға берілген Т.Т. Мұстафин атындағы кітапханамен таныстыру болады.

Келем деуші оқытушылар мен студенттерге есік ашық.

Өткізу орны: Алматы қ., Масанчи к-сі, 39/47, 119 ауд.

Саясаттану кафедрасы