ҚазҰУ-да Сырым Датұлына арналған кітабтың тұсаукесері өтеді

18.09.2015

Көрулер: 2487

ҚазҰУ-да өтетін тарих ғылымдарының докторы, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры С.М. Мәшімбаевтың «СЫРЫМ ДАТҰЛЫ» атты кітабының тұсаукесеріне барша қауымды шақырады.

Монографияда Патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы тұңғыш ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы – Сырым Датұлының өмірі, күрес жолдары қарастырылады. Қазақ тарихындағы демократиялық жүйенің негізін қалаушы әрі оның шешендік тұлғасы жайында жазылған. Сырым Датұлының қызметіндегі жаңа көзқарастар негізінде жаңа методологиялық зерттеулер арқылы белгісіз жақтары мен тұстары туралы сөз болады. Монография тарих мамандығының студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға және жалпы тарих мамандарына арналады.

Ұйымдастырушы: «Қазақ университеті» баспа үйі

Өткізілу уақыты: 21.09.2015 ж. сағ. 10.00-де

Өтетін орны: тарих, археология және этнология факультеті (4қабат. Мәжіліс залі)