VIII KAZENERGY Жастар Форумы Астанада

14.09.2015

Көрулер: 3057

X KAZENERGY Еуразиялық форум аясында 2015 жылы 29 қыркүйек 1 қазан аралығында Астанада «Жастар. Ғылым. Инновация» тақырыбында VIII KAZENERGY Жастар Форумы өтеді.

KAZENERGY Жастар Форумы – бұл өскелең ұрпаққа салалық корифейлермен тілдесу алаңы. Қатысушылар үздік тәжірибені үйренуге, сонымен қатар, мұнай-газ индустриясының инновациялық дамуының жаңа бағытын қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер алады. Форум аясында инноваторлар өздерінің жаңа өнімдері мен технологияларын көпшілік назарына ұсынады деп жоспарланып отыр. Осылайша, өндірушілер өздеріне жаңа таланттар мен инновациялық идеялар табады.

Жастар Форумы бағдарламасы аясында «Сколково» инновациялық орталығымен, Мәскеудің Политехникалық мұражайымен және басқа да халықаралық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар Форум МВА бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінде, Сколково Университетінде және КБТУ-да оқу гранттарын ұмытып алуға мүмкіндіктер жасайды.

Жастар Форумы аясында мұнай-газ секторына, инновация мен энерго тиімділікке, жастардың мұнай-газ инновациясының дамуына қосақан үлесіне, халықаралық әріптестікке, шикізатты өңдеудегі тиімділікті арттыруға және экология мәселесіне байланысты ұзақ мерзімді мақсаттар мен тапсырмалар талқыланады

Жастар Форумының бағдарламасы:

  1. «Innovation Man» инновациялық жобалар байқауы;
  2. Энергетика және мұнай-газ саласында инновациялық идеяларды жүзеге асыру аясында конференция;

Байқау негізгі үш бағыт бойынша өтеді:

1. Мұнайлы химия;

2. Энергетика (атомды және электроэнергетика);

3. Мұнай және газ (геология, барлау және өңдіру, қайта өңдеу).