Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік жастар саясатын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізеді

10.09.2015

Көрулер: 3869

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық институты және заң факультеті «Қазақстан Жастары 2015» ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде қоғамның ең белсенді бөлігі – жастарға арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел мақсаты – баяндаманы дайындаудың аралық қорытындысын жинақтау, тәжірибемен алмасу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары – атақты заңгерлер, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, жастар саясаты саласындағы мамандар, Алматы қаласының білім мекемелерінің өкілдері, Қостанай және Павлодардың атқарушы органдарының өкілдері. Шетел мамандары қатысады деп кутілуде, соның ішінде Ресейден ЦДО «Снейл» Директоры – Нацкевич Ю.А.

Дөңгелек үстел 2015 ж. 11 қыркүйек сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында болады.

Республиканың жастар саясатын дамытудың маңызды мәселелері талқылауға шығарылады: республикалық жастар саясатын жүзеге асыру; Қазақстанның жастар ортасындағы жағдайлар мен үдерістер; жастардың қоғамдық-саяси үдерістерде қатысуы; жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы; жастар арасындағы қылмыс деңгейін төмендету; жастар денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар, әскери-отаншылдық тәрбие, сондай-ақ жастарды білім, ғылым және өнерге тарту.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР жастар саясатын жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен қосымшалар шығарылады.

Заң факультеті