ҚазҰУ әскери кафедрасының 353 курсанты Отан алдында ант береді.

27.08.2015

Көрулер: 3253

ҚазҰУ-да әскери кафедра бітірушілерінің әскери ант қабылдау салтанатты шарасы өтеді.

Атаулы шара ҚазҰУ басшылығы, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, курсанттардың ата-аналары мен басқа да құрметті қонақтардың қатысуымен өтеді.

Ант қабылдау рәсімі дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын ортаға алып шығу, аға ұрпақ өкілдерін, әскери кафедра басшылығына сәлемдесуден басталады.

Отанға адал болуға ант қабылдау мәртебесіне ие болған 353 курсант әскери кафедрада 2,5 жыл оқып, дала жаттығуларынан өтті.