«Бірыңғай Болашақ Ұлты - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» конференция өтеді

01.06.2015

Көрулер: 3627

2015 жылы 3 маусымда сағат 11.00-де философия және саясаттану факультеті «Бірыңғай Болашақ Ұлты - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға жетекші ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылары қатысады.

Конференцияда Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың концептуалдық аспектілері талқыланады. Конференцияның жұмысы келесі бағыттардың аясында ұйымдастырылады: «100 қадам - бес реформаны жүзеге асыру жоспары», «Қазіргі замандағы бірегейліктің психологиялық мәселелері», «Ұлттық бірегейлік пен Мәңгілік ел идеяларының білім беру мазмұнында көрініс табуы», «Қазіргі замандағы этно-діни және мәдени сәйкестендіру», «Қазақстан жастарының құндылықтары мен бірегейлігі».

Өтетін орны: Алматы қ., Масанчи көшесі 39/47, (философия және саятсаттану факультеті 213 ауд.)

Философия және саятсаттану факультеті