«Заманауи ақпарат кеңістігіндегі журналистика және әдеби сын» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемік семинар өтеді

22.04.2015

Көрулер: 3560

30 сәуір 2015 жылы сағат 10:00-де журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Өзбекова Гүлнар Сәмединқызының 50 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи ақпарат кеңістігіндегі журналистика және әдеби сын» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемік семинар өтеді.

Семинарда қазіргі телеграфтық журналистика және ақпараттық үрдістер, қазақ басылымдарындағы ресми романтизм, ұлттық басылымдардағы сараптама, қазақ көсемсөзіндегі әдеби сын мәселелері талқыланады.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залы /230 ауд/.