"Ньютон-Әл-Фараби" бағдарламасы аясында семинар өтеді

10.04.2015

Көрулер: 3958

2015 жылдың 15 сәуір күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығында, «Ұлыбританиялық ғалымдармен қарым-қатынас орнату: кәсіби серіктестерді қалай табуға болады?» атты семинар өтеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және тиімділігін арттыруға бағытталған «Ньютон-әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі кәсіби даму және бірлесіп әрекеттесу болып табылады.

British Council және «Ғылым қоры» АҚ бағдарламасының жоғарыда аталып өтілген бағытының қарсанында, 8 кәсіби даму орталықтары құрылып Қазақстанның жоғары білім беру орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының арасында өзара бірлестік орнады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекетіміздегі 8 орталықтың бірі.

Әр орталық жергілікті ғалымдарға бір-бірімен байланысуға мүмкіндік беретін аймақтық байланыс платформасы. Орталықтың негізгі міндеті зерттеушілердің, ғылыми-техникалық ұжымның және де жетекшілердің біліктіліктігін арттыруға, сонымен қатар зерттеушілер мен пайдаланушылардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Семинар ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алдын ала тіркелу міндетті. Тіркелу формасын сілтемеден жүктеуге және cpdkaznu@gmail.com электрондық адресіне 2014 жылдың 13 сәуірінің 15.00 дейін жіберуге болады.

Басқа да сұрақтармен Әмір Балнұрға мына электрондық почта арқылы cpdkaznu@gmail.com немесе +77756079575 нөміріне хабарласыңыз.

Мекен жайымыз Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, ГУК 6.

тіркеу формасы.docx