ҚазҰУ-дың "Политолог" клубы ресейлік және белорустық ғалымдармен кездесу өткізеді

09.04.2015

Көрулер: 3702

2015 жылы 10 сәуірде сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (Ғылыми кітапхана, 4 қабат) философия және саясаттану факультетінің «ПОЛИТОЛОГ» студенттік дискуссиялық клубы ресейлік мемлекеттік, саяси және қоғамдық қайраткері, әлеуметтік-экономикалық және зияткерлік бағдарлама Фондының Президенті С.А.Филатовпен және белорустық «Звязда» баспа үйінің редакциялық-баспа құрылымының директоры
А.Н.Карлюкевичпен кездесу өтеді.

Кездесу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саяси зерттеулердің ақпараттық орталығы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстанның баспа, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы қолдауымен өтеді.

Қосымша ақпарат үшін байланыс: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану кафедрасы, тел./факс: 2926022 (ішкі.2120),e-mail: kamaldinova.aikerim@mail.ru (Камалдинова Айкерим).