«Кел ойнайық» атты студенттер арасында ойын өтеді

20.03.2015

Көрулер: 3191

2015 жылдың 27 наурызында химиялық және химиялық технология факультетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы негізінде «Кел ойнайық» атты студенттер арасында ойын ұйымдастырылады. Ойын мынадай кезеңдерден тұрады: мені түсін, ойлан тап, кім жүйрік.

Ойынға қойылатын талап – жұп ретінде қатысуы керек.

Өтетін орны мен уақыты – химия және химиялық технология факультеті, 427 аудитория, сағат 16:00.

Ұйымдастырушылар – Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы

Келіңіздер, көріңіздер. Бас жүлдеден құр қалмаңыздар.