ІI Халықаралық Фараби форумы өтеді

19.03.2015

Көрулер: 3790

2015 жылдың 7-8 сәуірінде «әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында сағат 9:00-де «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI Халықаралық Фараби форумы өтеді. Форум Әбу Насыр әлФарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, «Алматы ислам әлемінің астанасы –2015» жылына арналып отыр.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық Философия Конгресі.

Форум жұмысының негізгі бағыттары: Шығыс пен Батыс сұхбатындағы Әл-Фараби философиясы, әл-Фараби және ислам мәдениеті, әлФарабидің ғылымдарды жіктеуі және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері, ХХІ ғасырдың инновациялық әлеуеті және тұрақты дамудың перспективалары, техногенді өркениет шындығындағы әлеуметтік ғылымдар, Қазақстанның мәдени және әлеуметтіксаяси дамуының өзекті мәселелері жастар көзқарасы тұрғысынан, «Al-Farabi university Smart city - инновациялық университеттің моделі» пікірсайыс алаңы.

Қосымша ақпарат төменде тіркелген

Қосымша ақпарат.docx