«Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді

18.03.2015

Көрулер: 2699

2015 жылдың 27 наурызында (сағ.10:00) халықаралық қатынастар факультеті «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Олар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Абылай-хан атындағы ҚазХҚжәнеХТУ, ҚазАТИСО, Алматы Менеджмент университеті, Тұран университеті және т.б.

Өтетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95 (А. Байтұрсынов көшесі), Халықаралық қатынастар факультеті, 207 ауд.

Жауаптылар: профессор Макашева К.Н., доцент Бюжеева Б.З., доцент Кульбаева А.Т.,