ҚазҰУ-да «Жас тілшілер» байқауы өтеді

16.03.2015

Көрулер: 4288

2015 жылы 17 сәуірде журналистика факультетінде әл-Фараби орталығының қолдауымен студенттер мен жас ғалымдардың ІІ «әл-Фараби әлемі» халықаралық конференциясы күндері және ІІI Қожакеев оқулары аясында «Қазіргі заман көсемсөзі және әл-Фараби мұрасы» атты ғылыми форум өтеді.

Форумда «Жас тілшілер» атты байқаудың ең үздік студенттік ғылыми жұмыс, публицистік шығармашылық, ғылыми-зерттеу жобаларына байқаудың қорытындылары жарияланады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді: «әл-Фараби өмірі мен мұрасына арналған ең үздік эссе», «Т.Қожакеев өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба», «Ең үздік ғылыми жоба», «Ең үздік публицистика», «Ең үздік сатиралық туынды».

Байқау жеңімпаздарына қазақ журналистикасы дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожакеев атындағы арнайы стипендиялар тағайындалып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті № 230 Т. Қожакеев атындағы Акт залы

Басталуы: сағ.10.00.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Мұқанова Гюльнар Кайроллиновна

тел.: комм. 377 33 38 ішкі 13-51

эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru;

эл-почта: Gulnar_mukanova@mail.ru; Gulnar.mukanova@mail.ru