«ҚазҰУ геолокациясы» атты фото-байқау өтеді

13.03.2015

Көрулер: 3699

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы 6 наурыз – 3 сәуір аралығында 11 сынып оқушылары арасында «ҚазҰУ геолокациясы» тақырыбында фото-байқау өткізеді.

Байқауға қатысу үшін:

  1. Instagramға ҚазҰУ аясында түскен өзіңіздің суретіңізді қойыңыз
  2. #геолокацияказну #pr_fest_2015 хэштегін белгілеңіз
  3. Өз аккаунтіңізге кіру мүмкіндігін ашуды ұмытпаңыз

Жеңімпаз PR-fest 2015 демеушіміздің сыйлығымен марапатталады.

Байқау нәтижелері 4 сәуірде анықталады (сыйлықтар және өткізу орны туралы ақпараттарды қосымша хабарлаймыз).