«ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулықтың тұсаукесері өтеді

12.03.2015

Көрулер: 2802

2015 жылдың 16 наурыз күні сағ. 11:00-де әл-Фараби кітапханасында Қазақ әдебиетінің теориясы және тарихы кафедрасының профессоры Қанипаш Қайсақызы Мәдібайдың «ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулығының тұсаукесері өтеді.

Жоғары мектепте оқытылатын «ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» пəніне арналған бұл оқулық ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті тарихын зерттеудің басты нəтижелері мен қазіргі кезеңдегі көкейкесті мəселелері негізінде нақтылы талдау, пайымдаулар бағытында жазылды. Оқулықта ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті дəстүрлі үлгілердің жанрлық дамуы; зар заман дəуірінің ақындар мұрасы; жаңа жазба əдебиеттің қалыптасу негіздері қамтылды.

Кітап университеттердің бакалаврлық оқу сатысы студенттеріне, магистранттарға, əдебиеттанушы мамандарға арналған.

Ұйымдастырушылар: «Қазақ университеті» баспа үйі

Өтетін орны: әл-Фараби кітапханасы, 2-қабат, Ғалымдар клубы