«Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық» атты дөңгелек үстел өтеді.

10.03.2015

Көрулер: 3945

2015 жылдың 3 сәуір күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, проф. Қ.Бекхожин атындағы «Жас зерттеушілер», проф. М. Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмелерінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жидегүл Әбдіжәділқызының 50 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылып отыр.

Ғылыми шараның материалдары жинақ түрінде тегін жарық көреді.

Баяндамалар (мақала) 5 бет көлемінде А 4 форматында және электронды нұсқада e-mail journalist_teoretic@mail.ru поштасына 2015 жылдың 20 наурызына дейін жіберіледі.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залы /230 ауд/.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ, әл-Фараби, 71

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценттері: Жидегүл Әбдіжәділқызы, тел 87784559048; Ғалия Майкотова 87027444702; аға оқытушы Н.Есхуатова