Журналистика факультеті ҚР мектеп мұғалімдеріне арналған Қысқы мектебін өткізеді

12.02.2015

Көрулер: 3863

2015 жылдың 23 ақпанда сағ. 9:00 - 18:00 ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі «Мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары» атты ҚР мектеп мұғалімдеріне арналған II Республикалық Қысқы мектебін өткізеді.


Шараның мақсаты: педагогикалық және тәжірибелік-эксперименттік мәселелерді айқындау және олардың рөлін инновациялық білім беру үдерісінде көрсету.

Жоба серіктестері: журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы, Республикалық ғылыми-көпшілік «Гүлстан» журналы, Республикалық танымдық-ақпараттық «Мектеп мерейі» журналы, “Казинтерсервис» ЖШС.

Қысқы мектепке қатысу үшін өтініштер қабылданады.

Шараның өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби-Навои көшелерінің қиылысы, «Алмаарасан» («Тілектас» конференц залы).

Қосымша ақпарат алу үшін: Н.Т.Шыңғысова +377-34-43, моб: +7701 993 90 07, e-mail: nazgul_71@mail.ru. Б.А.Қабдолданова + 7701 982 40 18; + 7 771 701 66 69, e-mail: gulnar08@mail.ru.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика

және қоғаммен байланыс кафедрасы