ҚазҰУ-да ТҮРІКСОЙ кафедрасы ашылады

09.02.2015

Көрулер: 3276

Шығыстану факультетінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай және «Алматы – ислам мәдениетінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРІКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өткізіледі.


Жиынға ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан елдерінің Қазақстан Республикасындағы елшіліктерінің қызметкерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясына қарасты Алматыдағы түркі тілдес халықтардың этномәдени бірлестік өкілдері және зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысады.

Шараның мақсаты түркі тілдес халықтардың бай рухани мұрасын зерттеу ісі мен бүгінгі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің өзара халықаралық қатынастарын зерделеу бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге үлес қосу, Қазақстандағы түркі тілдес туыс халықтардың достық қатынастарының дамуына серпін беру.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95.