Назар аударыңыз! Фурманов шыңын бағындыруға жорық
06.02.2015
Көрулер: 4408
2015 жыл 8 ақпанда рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастырылуымен Фурманов шыңын бағындыруға жорық ұйымдастырылады.
Жорыққа университет студенттері мен ұстаздары қатысуға шақырылады. Өзімен бірге алатын қажетті заттар: спорттық киім, ыңғайлы аяқ және бас киім, күнге қарсы көзілдірік, күнге қарсы крем, 200 теңге (автобус төлемақысы), жеңіл тағам, топқа 1 фотоаппарат.
Жиналу сағат 7.30-да «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы аялдамасында (Достық даңғ. – Абай даңғ. қиылысы).
Рекреациялық география және туризм кафедрасы






