Философия ғылымдарының докторы, профессор, Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың 80 жылдығына орай «Этика ілімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді

30.01.2015

Көрулер: 3140

Философия және саясаттану факультеті, «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен 31 қаңтар сағат 11:00-де (122 ауд) Қазақстанға және алыс жақын шетелдерге танымал белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы. профессор, Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың 80 жылдығына орай «Этика ілімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Дөңгелек үстел мәжілісінде философия жүйесіндегі этика ілімі, заманауи қоғамдағы өнегеліктің өзекті мәселелері, этиканы оқытудың әдістемелік негіздері және Қазақстандық этика өткені, бүгіні мен болашағы тақырыптары қаралады.

Дөңгелек үстел мәжілісіне Қазақстандық философ-ғалымдар және этика саласының мамандары қатысады.

Байланыс:

Алматы қаласы, Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр

көшесінің қиылысы), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану

факультеті, философия кафедрасы, 413 бөлме Телефон: (8-7272) 292-17-52 қосымша 21-30

Келем деушілерге есік ашық. Өз пікірлеріңізді еркін айтып ой бөлісуге шақырамыз.

Байланыс телефондары; 87078346621, 87014789744,87025884166