«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІНІҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ»

04.07.2022

Көрулер: 2168

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби орталығы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

Құрметті әріптестер!

  • ·         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті әл-Фараби орталығымен бірлесіп «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІНІҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» атты халықаралық онлайн конференция ұйымдастыруда. Сіздерді осы конференцияға қатысуға щақырамыз.
  • ·         Орталық азияның түркі әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында алдыңғы қатарға шыққан ғылыми жаңалықтары мен мәдени туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысында ерекше қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен қайраткерлерінің туындылары әлем өркениетіне мол үлес қосты. Осынау тарихи рөлі маңызды кезеңді постмодерндік бұл күнде заманауи мәселелер аспектісінен қайта ой-елегінен өткізу және оның болашаққа бағдар беретін тұстарын ортаға шығару конференцияның басты мақсаты саналады. Конференцияда мәдениеттану, антропология және философия салаларындағы көрнекті әлем ғалымдары баяндама жасайды.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы, философия кафедрасы және әл-Фараби орталығы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мен теология факультеті.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын, түрік

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: Онлайн

КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 2022 жылғы 5 шілде, сағат 11:00- 15:00 

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Адрес: Әл-Фараби кітапханасы, әл-Фараби даңғ, 71/27

Байланыс номері: 8 (727) 377-33-33 (1698), 8 (727) 377-33-33 (1397)

E-mail: al-farabi@kaznu.edu.kz