НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖАС ДОС!

10.03.2022

Көрулер: 2591

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанаты және профессор Х.Хабиев атындағы қоғамдық қор қолдауымен 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында республикалық байқау жариялайды.

Байқаудың басты міндеттері – жаңаша ойлайтын жас буын арасында Отан тарихының өзекті мәселелерін әлемдік өркениет деңгейінде зерделеу, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және өркениетімізді дәріптеу.

Құрметті жас дос, сенің міндетің – «Есік» – «Иссык»; «Түркілер –  әлемдік тарихта» атты байқаудың негізгі тақырыптары бойынша тарихи, мәдени, философиялық, лингвистикалық, құқықтық, әлеуметтанулық, экономикалық, саяси, өнертанушылық бағыттағы креативті, бірегей жобаларыңды ғылыми жоба, видеоконтент, презентация, эссе тағы да басқа шығармашылық нәтижесінде ұсына отырып, бізбен бірге жетістікке жету. Білім мен ғылымның қара шаңырағындағы танымал тарихшы ғалымдармен бірлесе отырып өз идеяларыңды жүзеге асыру! Табысты болуға  нық қадам жасау!

Байқауға республикалық ЖОО-лардың әлеуметтік-гуманитарлық және өнер бағытының 2-4 курс студенттері мен 1-2 курс магистранттары қатыса алады. Қатысушылар саны шектелмейді. Байқауға келіп түскен жобалар, видео контенттер, презентациялар және тағы да басқа шығармашылық жұмыстар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары мен оқытушылары,  профессор Х.Хабиев атындағы қоғамдық қор мүшелері тарапынан құрылған әділ қазылар тарапынан сарапталып, байқаудың ІІ-турына Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасына шақырту алады.

·        Байқаудың ІІ кезеңіндегі қатысушылардың іссапар, тамақтану және жатын орын шығындары ұйымдастырушы тараптан төленеді;
·      «ҚазҰУ кампусы бойынша экскурсия», Алматының көрікті орындарына, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына,  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейіне тегін турлар ұйымдастырылады.

 

Байқаудың негізгі бағыттары мен жүлде қоры


І бағыт.    «Есік» – «Иссык»

 

Бірінші орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

Екінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

Үшінші орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

 

ІІ бағыт.    «Түркілер –  әлемдік тарихта»

 

Бірінші орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Екінші орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

Үшінші орын – 100 000 (жүз мың) теңге.

 

Байқауға қабылданып, іріктеуден өткен жұмыстардың авторлары арнайы алғыс хаттар мен қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

 

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

 

1-кезең. Ғылыми жұмыстарды/видеоларды іріктеу кезеңі

Байқауға келіп түскен жұмыстарға қазылар алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді. Әр номинация бойынша үздік жұмыстар екінші кезеңге жіберіледі.

 

2-кезең. Іріктелген ғылыми жұмыстарды қорғау кезеңі

Екінші кезең: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткізіледі. Үздік авторлар ғылыми жұмыс тақырыптары бойынша, өз номинациясында қорғау жасайды. Сұрақ-жауап және талқылау түрінде өткізіледі. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

 

 

Байқау шарттары:

 

·           Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады;
·           Жұмыс жеке немесе шығармашылық топ атынан қабылданады;
·           Байқауға жіберілген жұмыстар бұрын еш жерде жарияланбаған бірегей болуы тиіс. Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет;
·           Талапқа сай безендірілмеген және мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.

 

Егер  сені осы жоба қызықтырса, осы сауалнаманы толтыру арқылы өз армандарыңа жетуге жол ашасың

 

Толық аты-жөні 

Туған күні, айы, жылы 

Тұрғылықты мекен-жайы 

ЖОО  атауы

Ұялы телефон нөмірі 

Электронды поштасы 

Номинациясы 

Ғылыми жұмыстың тақырыбы 

Байқауға қатысу мақсатың

Өмірлік ұстанымың

Сенің хоббиің

 

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2022 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

 

Байқау жұмыстары «Байқау-2022» белгісімен baiqau22@gmail.com электрондық поштасына жолдануы тиіс.

 

Мекен-жай: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-87), 87789260010, 87025247739, +7753513400, e-mail: baiqau22@gmail.com