БАЙҚАУ БАҚ-та жоғары білім беруді дамыту мәселелерін насихаттауға арналған БАЙҚАУ

09.07.2021

Көрулер: 1846

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Ректорлар кеңесі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жоғары білім беру мен университеттік ғылымның дамуы мәселелерін БАҚ беттерінде кеңінен насихаттау үшін республикалық байқау жариялайды.

Байқауға өткен жылдың 1 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 қарашасы аралығындағы материалдар қабылданады.

Байқаудың мақсаты:

-         жоғары оқу орындарының жетістіктері мен тиімді тәжірибесіне қоғам назарын аудару;

-         білім беру үдерісінің сапасын арттыру және студенттік ортадағы әлеуметтік-мәдени шаралар жиынтығының тиімділігіне байланысты тақырыптарды насихаттау;

-         жоғары білім беру және университеттік ғылым тақырыбында жазатын журналистер мен БАҚ құралдарының кәсіби қызметін қолдау, студент жастарды ынталандыру.

Байқау материалдары srvrk@enu.kz электронды мекенжайына жіберілуі тиіс.

Жыл сайын өткізілетін байқаудың ережесімен (пдф сілтеме) толық таныссаңыздар болады.

 

Положение и Заявка.pdf