Қаржылық сауаттылық

04.04.2021

Көрулер: 2343

06 - 07 сәуір күндері Ресейдің қаржылық сауаттылықты дамыту қауымдастығы, Ресейдің жетекші университеттері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университтерімен бірлесе «Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Негізгі аудитория қаржылық білім берудің еріктілері, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, студенттер және халықтың қаржылық мәдениетінің деңгейін көтеруге мүдделі топтағы адамдар болып табылады.  

Конференция бірінші кезекте қаржылық мәдениетті жетілдіруге және қаржылық білімді дамытуға, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, іскерлік және білім беру ортасында қаржылық сауаттылықты дамыту саласындағы ғылыми және практикалық тәжірибемен, идея және пікірлермен алмасуға бағытталған. Еріктілер жұмысын белсенді түрде енгізіп жатқан жетекші жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен өкілдері қаржылық білім беруді дамыту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы әңгімелеседі. Іс-шараға қатысу алдын-ала тіркелу арқылы тегін жүзеге асырылады.

Тіркелу үшін: https://fincubator.ru/conference және https://leader-id.ru/events/194668