«Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері»

27.01.2021

Көрулер: 1760

 2021 жылы 29 қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы

Конференция мақсаты Дина Исабайқызының отандық тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуына қосқан үлесін және қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференцияның жұмысы барысында профессор Д.И.Дулатованың өмірі мен ғылыми шығармашылығы, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері, ғалымның отандық тарих ғылымы мен тарихнамасына қосқан үлесі, қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының даму бағыттары талқыланады. Сонымен қатар отан тарихының саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты жүргізілген ғылыми - ізденістердің тұжырымдары сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-          Профессор Д.И. Дулатова туралы замандастары мен шәкірттерінің естеліктері;

-          Профессор Д.И. Дулатовананың отандық тарих ғылымына қосқан үлесі;

-          Қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ және орыс.

Конференция жұмысына отандық жетекші және жас тарихшы мамандар, қоғамтанушы ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/8313716923?pwd=U3g2NzZXK0tJdmREYjNYYXdScWVOQT09

Конференция идентификаторы: 831 371 6923

Кіру коды:802233 

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87023966606 – Мәліков Бахытжан Үсенұлы, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, Е.Б. Бекмаханов атындағы аудитория (406). Басталуы: сағ.11.00.