Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар

30.11.2020

Көрулер: 2451

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Логистика» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында V Халықаралық студенттік сырттай олимпиада өткізілетінін хабарлайды.

V Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға (бұдан әрі-Олимпиада) күндізгі оқу нысанының 2-3 курс жоғары оқу орындарының «Логистика», «Маркетинг» мамандықтарының студенттері қатыса алады.

Олимпиада келесідей өтеді: қатысушылар мамандық аясында тақырып бойынша орындалған тапсырмаларды жібереді

№1 тапсырма: олимпиада тақырыбына эссе жазу;

№2 тапсырма: олимпиада тақырыбы бойынша жоба дайындау.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Барлық орындалған тапсырмалар ұйымдастырушыларға электрондық пошта арқылы бір хатпен жіберілуі тиіс, оның тақырыбында: ЖОО-ның, команданың атауы, 01.12.2020 жылға дейін келесі мекен-жайға жіберілуі тиіс: olimpiada_kaznu2020@mail.ru.

www.kaznu.kz