Жас спикерлердің байқауы

17.11.2020

Көрулер: 2241

2020 жылғы 19 қарашада Бүкіләлемдік философия күніне орай Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және қазіргі заман» тақырыбы бойынша халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталады. Үміткерлерді марапаттау салтанаты әл-Фараби орталығының @farabicenter2020 ресми аккаунтында тікелей эфирде сағат 10:00-де өтеді.

Байқауда қатысушыны Әбу Насыр Әл-Фарабидің өркениет тарихындағы рөлін, философиялық және жаратылыстану ғылымындағы мұрасының және қазіргі қоғамдағы оның идеяларының өзектілігін шешендік өнермен, жақсы сөз саптауымен жеткізуге бағытталған. Жұмыстар мүмкіндігінше әр қатысушының шеберлігіне, тапқырлығына, ой түйіндеуіне орай әртүрлі бағытта тақырыпқа сай түсірілді. Тапсырмаларды қатысушы жеке және өз бетінше, басқа тұлғалардың қатысуынсыз және авторлық құқықты бұзбай орындауы да талап етілді.

Шараның негізгі мақсаты – Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы айырықша мәнді фактілерді шығармашылық-креативтік сипатта тану арқылы өмірде өз қажетіне сай оқып-үйрену, жан-жақты талдай білу. Ең бастысы, осы арқылы үміткерлерді шешен сөйлеу мәдениетіне баулып, тіл құдіреті мен ой құдіретін ұштастыруға шақыру болатын.

Байқауға мектеп және орта оқу орындары оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері және басқа да санаттағы қатысушылардан 144 жұмыс келіп түсті. Үміткерлер «Қайырымды қала» - бүгінгі бақытқа жету кілті», «Әл-Фараби және музыка теориясы», «Әл-Фараби - бақыт философиясы», «Әл-Фараби және әдептілік философиясы», «Әл-Фараби және Абай: идеялар сабақтастығы» және «Әл-Фараби және ғылымның қалыптасуы» номинациялары бойынша бірінші, екінші және үшінші орындармен марапатталады. Халықаралық байқауға елімізбен қатар, алыс-жақын шет ел студенттері де қатысты.

Жеңімпаздар екі форматта, қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері мен лайктар мен пікір қалдыру саны бойынша анықталды.

Байқауға қатысушылардың барлық бейнежазбалары Әл-Фараби орталығының сайтында, youtube каналында, @farabicenter2020 ресми аккаунтында, жарияланып, көпшілікке ашық форматта көрсетілді.

Жұмыстар қазанның 15-30 аралығында қабылданды. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы жұмыс жүргізді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады. Конкурсанттарға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

http://al-farabi.kaznu.kz/

Instagram – @farabicenter2020

Жұмагүл Бекенова +77475817489, bekenovazh588@gmail.com

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

050040, ҚазҰУ, Әл-Фараби даңғылы, 71.