«Дәстүрлі емес діни ағымдар: қауіп-қатерлер және оның мәні»

16.08.2019

Көрулер: 1983

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2019 жылдың 3 қыркүйегінде  «Дәстүрлі емес діни ағымдар: қауіп-қатерлер және оның мәні» тақырыбы бойынша көшбасшылық дәріс өтетінін хабарлайды. Іс-шара «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Дәстүрлі рухани құндылықтар» жобасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылады. Дәріскер: философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, дінтану кафедрасының доценті Тышхан Кеңшілік.

Өтетін уақыты мен орны: 3 қыркүйек, сағат 11-00- де 316 ауд.

www.kaznu.kz