Паралельді компьютерлік технологиялар бойынша 15-ші халықаралық конференция өтеді

14.08.2019

Көрулер: 1702

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында 19-23 тамыз аралығында параллельді компьютерлік технологиялар (Parallel Computing Technologies) PaCT 2019 бойынша 15-ші халықаралық конференция өтеді. Екі жылда бір рет өтетін конференцияны РҒА Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты ұйымдастырып, оның серіктестер ретінде – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық бизнес университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті (Ресей), Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті НЭТИ (Новосибирск қ., Ресей) қолдау көрсетуде. Конференция материалдары Lecture Notes and Computer Science (LNCS, Springer) сериясында жарияланады және Scopus және Web of Science деректер базасында индекстеледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

* Параллельді компьютерлік жүйелерді қолданудың технологиялық аспектілері

* Жоғары деңгейдегі параллельді бағдарламалар тілдері мен жүйелері

* Ірі ауқымды міндеттерді параллельді шешу әдістері мен құралдары

* Параллельді өңдеуді қолдайтын тілдер, орта және бағдарламалық құралдар

* Операциялық жүйелер, жоспарлау, бейнелеу, жүктемені бөлу

* Компьютерлік жүйелердің архитектурасын құру тұжырымдамасы

* Жасушалық автоматтар

* Бағдарлама өнімділігін өлшеу және талдау құралдары

* Белсенді білім және бағдарламаларды құрастыру

* Грид және бұлтты есептеулерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету

* Масштабталатын есептеулер

* Алгоритмдер мен бағдарламаларды фрагменттеу және агрегациялау

* Бағдарламаларды құрастыру және қайта пайдалану

* Таратылған Алгоритмдер

Өтетін күні, орны және уақыты: 20 тамыз, әл-Фараби кітапханасы, 409 аудитория. Басталуы сағат 9.00

www.kaznu.kz