Ұлттық викторина

22.05.2019

Көрулер: 2148

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторина басталады

 24 мамырда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында Жастар жылы іс-шаралары аясында ұйымдастырған Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторинаның бірінші кезеңі басталады.

Ұлттық викторина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студент жастарының электораттық-құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және Халықаралық демократия күніне (2007 жылғы 15 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен) орайластырылған мемлекетаралық жобаның бір бағыты болып табылады.

Ұлттық викторинаның жеңімпазы 2019 жылғы қыркүйекте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі ұйымдастыратын Санкт-Петербург қаласындағы ғылыми студенттік пікірталасқа ТМД елдері құрамасы құрамында қатысады.

Ұлттық викторина екі кезеңде өтеді:

бірінші кезең – сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша студенттер арасындағы интерактивті викторина және ең көп балл санын жинаған 10 студентті іріктеу;

екінші кезең – бейнеконференцбайланысты пайдалана отырып пікірталас турнирі, оның барысындаҰлттық қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтайды.

ҚР ОСК-ның Ұлттық викторинаны өткізудегі негізгі серіктестері:

- Демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты;

- құрамына 80-нен астам ұлттық және өңірлік жоғары оқу орындары кіретін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

- Ұлттық викторинаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін инфокоммуникациялық тұғырнама ұсынған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Ұйымдастыру комитеті мен Ұлттық қазылар алқасы құрамына ҚР ОСК, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының, конституциялық құқық және сайлау заңнамасы саласындағы ғылыми және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері енгізілді.

Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интерактивті тұғырнамасында Қазақстанның 12 облысының 20 жоғары оқу орнынан 172 студент тіркеуден өтті.

Викторинаның нәтижелері ҚР ОСК интернет-ресурсында жарияланады және ол жерде викторина туралы ережемен және басқа да ұйымдастыру материалдарымен танысуға болады.

Викторинаның қорытындылары бойынша жоба қатысушыларына атаулы сертификаттар берілетін болады.

 

Викторинаның ашылуы а.ж. 24 мамыр сағат 13.00-де Алматы қ,.             Әл-Фараби даңғ.,71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректораттың ғимаратында өтеді

Байланыс үшін: 8(727)3773148

 8-777-222-87-64