Ақпараттық мәлімде

19.04.2019

Көрулер: 1840

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ 85 жылдық мерейтойына арналған V Халықаралық «Функционалды материалдардың химиялық технологиясы» атты Ресей – Қазақстан ғылыми – практикалық конференциясы өтеді.

V Халықаралық «Функционалды материалдардың химиялық технологиясы» атты Ресей – Қазақстан ғылыми – практикалық конференциясы ұйымдастыру комитеті ғылыми қызметкерлерді, студенттерді, аспиранттарды, жас ғалымдарды Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінде 16 – 18 мамыр аралығында өтетін конференция қызметіне белсенді атсалысуына шақырады.

Конференция жұмысының басты бағыттары:

v Функционалды материалдарды синтездеу, түрлендіру дайындау үдерістерінің ғылыми негізі. Жаңа функционалдық материалдардың сипаттамасын зерттеу. Функционалды материалдарды алудың экологиялық қырлары.

v Химиялық технологияның үдерістері мен құралдары. Мұнайхимиясы мен мұнай өңдеу катализаторлары мен каталитикалық үдерістерін физика – химиялық зерттеу.

Конференция бағдарламасына Ресей және Қазақстан ғылыми – зерттеу орталықтары мен оқу орындарының материалдарды синтездеу және зерттеу салаларына қатысты жетекші мамандардың пленарлы және негізгі баяндамалары енгізіледі.

Конференция аясында студенттер, аспиранттар және жас мамандар арасында үздік баяндама бойынша конкурс өткізіліп, РҒЦИ цитирленетін конференция материалдары бойынша жинақтама шығарылады. Новосибирск қаласының көрнекі жерлерін аралату, РҒА Сібір бөлімі академикалық институтына және Техникалық парк Академикалық қалашығына танымдық саяхат ұйымдастырылады.

 

Конференция ұйымдастырушылары:

Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (НМТУ), Новосібір, Ресей

әл – Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті (әл – Фараби атындағы ҚазҰУ), Алматы, Қазақстан

Қатты дене химиясы және механохимия институты РҒА СБ, Новосібір, Ресей

Новосібір мемлекеттік университеті (НМУ), Новосібір, Ресей

 

Ұйымдастыру комитеті мекен - жайы:

Ресей, 630073, Новосібір қ., К.Маркс даңғылы, 20, НМТУ, ХХТ кафедрасы (I–401a)

Конференция тілі орысша, ағылшынша

Телефон +7-923-115-12-59 E-mail chem@conf.nstu.ru Толық мәлімет конференция сайтында: http://chem.conf.nstu.ru