Студенттерге "Сұңқар" стипендиясы
18.04.2019
Көрулер: 2567
Студенттер назарына❗ "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының 20 жылдығына орай "Сұңқар" стипендиясы 20 жылдыққа 20 СТУДЕНТКЕ арнайы СТИПЕНДИЯ тағайындап отыр. Құрметті студент, егер де сіз:
- Оқу үлгерімінде жақсы нәтижені көрсетсеңіз;
- Қоғамдық өмірге белсене аралассаңыз;
- Спорттық сайыстардың жүлдегері болсаңыз;
- Ғылыми жетістіктерге жетсеңіз.
"Сұңқар" стипендиясына лайықтысыз.
Жалынды жас - жарқын болашақ кепілі. Сіз жеткен әрбір жетістік - сіз бағындырған кезекті белес.
Қапы қалмаңыз!
Құжаттар 10-20 сәуір аралығында сағат 14:00-18:00 аралығында қабылданады.
Біз сізді асыға күтетін боламыз! Құжаттарды қабылдау: "Керемет" СҚКО, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы, 203d
Байланыс телефондары: Жұлдыз - 87475635796






