Жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жабылуы
Көрулер: 1904
11 сәуір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жабылу шарасы өтеді және студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобалары байқауының қорытындысы жасалады. Іс-шара екі жылдық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында өткізіліп отыр.
Сағат 15.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобаларының көрмесі ашылады. Жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жабылу шарасы барысында сағат 16.00-де атаулар жеңімпаздары мен жүлдегерлері жобаларын дамыту үшін дипломдармен және бағалы сертификаттармен марапатталады. Оған көрнекті шетелдік және отандық ғалымдар, сонымен қатар оқытушылар мен студенттер қатысады.
Аталмыш шара ҚазҰУ-да сәуірдің 2-12 аралығында әлемнің 20 елінен келген 50-ден аса ғалымның қатысуымен өтіп жатқан VI халықаралық Фараби оқулары бағдарламасының маңызды бөлімі. Бұл уақыт аралығында 100-ден аса ғылыми-тәжірибелік іс-шара (конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар, ашық дәрістер, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырылып, өткізілді. Оларға 6 мыңнан астам адам қатысты.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
8 (727) 377 3148, моб. +7 701 397 3404






