«Қазақстандық геология және минералогияны дамытудың өзекті мәселелері
Көрулер: 2143
2019 жылдың 10-ші сәуірі сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті ұйымдастыратын VI Фараби оқулары халықаралық ғылыми конференциясы аясында академик Қ.И. Сәтбаевтің 120 жылдығына арналған «Қазақстандық геология және минералогияны дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелі өтеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: ҚР Ұлттық ғылым академиясының геология институтының, «GeoMineProject» ЖШС, ҚазҰЗТУ Қ.И. Сәтбаев тарихи мұра орталығының өкілдері және Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің профессорлар-оқытушылар құрамы.
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби ғылыми кітапханасы, 201 аудитория.






