Ұлттық ойындар START-UP-тары

09.04.2019

Көрулер: 2478

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2019 жылдың 11 сәуірінде өтетін «Кел ойнайық, ойлайық!» және және «Алшы! (Ұлттық ойындар)» атты start-up-тардың презентациясы өтеді.

Презентация мақсаты: «Кел ойнайық, ойлайық» және және «Алшы! (Ұлттық ойындар)» start-up-тардың жобаларының практикалық мәнін ашу, оны қолдану салалары мен іске асыру жолдарын көрсете отырып, өндіріске енгізу тәсілдерін айқындау; start-up-тарды жүзеге асыру мақсатында тұрақты инвесторлардың назарын аудару.

Start-up авторлары:

1) «Кел ойнайық, ойлайық» Айбек Шегебаев, «Әдебиеттану» мамандығының 2-курс PhD докторанты,

2) «Алшы! (Ұлттық ойындар)» – Балжан Қаратаева, Камила Еламанова, «Филология» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекшісі – доцент С. Дәрібаев)

 

Презентация қонақтары:Әмірхан Темірбаев – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ғылыми-технологиялық парк директоры. Қуанышбек Ерниязов – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі. Амалбек Өміртай – «New Urban Geography» ЖШС директоры. Асқар Әмірбек – «Көпен келе жатыр» event agency директоры. Презентация жеке кәсіпкерлер, мектеп, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінің, балалар үйлерінің, баспалардың директорлары, БАҚ өкілдері, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойыншықтар мен оқыту құралдарын өндіретін кәсіпорындар өкілдері қатысады. «Кел ойнайық, ойлайық» және «Алшы! (Ұлттық ойындар)» start-up-тар презентациясының шеңберінде «Нөлден басталған бизнес немесе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында start-up жобаларды ұйымдастыру» атты шеберлік-класс өткізіледі.

Start-up презентациясының өткізілетін орны мен уақыты:

Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті, № 312-ауд., 11 сәуір, 2019 жыл, сағат 15.00.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыздар: Тел: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), e-mail: aibek.shegebaev@gmail.com, kazlit19@gmail.com

www.kaznu.kz