EMBA және МВА бағдарламаларына қабылдау басталды

08.04.2019

Көрулер: 2393

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті экономика және бизнес жоғары мектебі компанияның басшыларын, орынбасарларын және департаменттердің директорлерін, орта буын менеджерлерін emba (мерзімі - 1 жыл) және мва (мерзімі - 2 жыл) бағдарламаларына қабылдау жариялайды. Бағдарламаға тіркеу: 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. Бағдарлама 20 мамыр күні басталады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі МВА дегеніміз не?

Бұл жалпы менеджмент пен бизнес көшбасшыларды дамытуға бағытталған іскерлік әкімшілендірудің бірегей және озық бағдарламасы.

Тыңдаушылар бизнестің мынадай аспектілерін тереңдетіп оқиды: стратегиялық және операциялық менеджмент, сервис және қызмет көрсету маркетингі, заң және этикалық мәселелер, персоналды тиімді басқару, менеджерлерге арналған экономика, қаржылық есеп және т.б.

МВА бағдарламасы мансап пен жеке өсудің жаңа деңгейіне жету және іскерлік байланыстарды қалыптастырудың бірегей мүмкіндіктері үшін қажетті құралдар жиынтығын ұсынады.

Бағдарлама құны: емва - 1 280 000 тенге (1 жыл) және mba - 2 100 000 тенге (2 жыл)

Біздің артықшылығымыз:

  • мультисалалық тәсіл;
  • күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарының комбинациясы (сабақтар жұма-сенбі-жексенбі күндері)
  • оқытушылар құрамы жетекші бизнес-тәжірибешілер мен ғалымдардан құралған;
  • Бағдарламаның мазмұны жұмыс берушілер мен бизнес көшбасшыларының қажеттіліктері мен талаптарына бейімделген (бағдарламаның құрылымы фокус топтардың зерттеу нәтижелерін қамтиды).

 

Тіркеу орны: Алматы қ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭБЖМ, GUK 3, 221 ауд.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 (727) 377 33 33 ішкі. 12-48, 8-702-8503186