Ономастика – Қоғам – Уақыт
03.04.2019
Көрулер: 2274
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында өтетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына магистранттар, студенттер мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2019 жылдың 5 сәуірінде өтеді. Конференцияда тыңдалған үздік баяндамалар ерекше марапатталады.
Ұйымдастырушылар: Филология және әлем тілдері факультеті
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы
«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы






