Алматыда "Сарбаз" ІІІ әскери-патриоттық ойыны басталады
Көрулер: 2140
"Рухани жаңғыру" ұлттық бағдарламасына сәйкес студент және мектеп жастарында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өте маңызды екендігі ақиқат. Осы орайда Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында, әскери қызмет пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы, Алматы қаласы білім басқармасының келісімі бойынша 2019 жылы 12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының кубогына ІІІ "Сарбаз" әскери-патриоттық ойыны өткізіледі.
Әскери-патриоттық ойынға қатысуға Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі мен "Бөбек" Ұлттық орталығының "Өзін-өзі тану" гимназиясының үздік командалары тартылады.
2019 жылы "Сарбаз" ІІІ әскери-патриоттық ойынның демеушілері: "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің кәсіподағы. "Сарбаз" әскери-патриоттық ойынның ақпараттық демеушісі, міне екінші жыл қатарынан республикалық "Сарбаз"әскери-патриоттық газеті болып табылады.
Ойынның өткізілетін күні мен уақыты: 12 сәуір 2019 жыл, 9.00;
Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле Би көшесі, 96 (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы);






